jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанмен бірге Өзбекстан да World Boxing-ке ресми қосылды

    Өзбек боксшысы мен Тулкин Киличев
    Өзбек боксшысы мен Тулкин Киличев. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Өзбекстанның бокс федерациясы ресми түрде World Boxing ұйымының толыққанды мүшесі болып қабылданды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ World Boxing ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұл шешім АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында өткен Халықаралық бокс федерациясының конгресінде жарияланды. Сонымен қатар Гватемала мен Лаос та аталмыш ұйымның қатарына қосылды.

    Сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясы ресми түрде World Boxing ұйымының толыққанды мүшесі атанған болатын.

    Осылайша, 2023 жылдың сәуірінде құрылған жаңа ұйымға қазіргі таңда 55 ел мүше болып отыр.

    Айта кетейік, World Boxing ұйымының Олимпиада комиссиясының төрағасы – Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин. Ол бұл қызметте өзінің негізгі мақсаты ретінде боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтау екенін айтқан еді.

    Қазақстанмен бірге Өзбекстан да World Boxing-ке ресми қосылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.