jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Қолғапқа арнайы құрылғы салды": қазақстандық боксшы World Boxing әлем чемпионаты туралы айтты

    Боксшы Даниял Райымбеков
    Боксшы Даниял Райымбеков. Фото: KAZ.NUR.KZ/ Асылан Маханов

    World Boxing ұйымы өткізген жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Даниял Райымбеков жарыста жаңа технологиялар қолданылғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Даниял Райымбеков АҚШ-та World Boxing ұйымдастырған алғашқы әлем чемпионатында 85 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлде иеленді. Ол финалда Уэльс спортшысы Томас Дэниэл Питтен 5:0 есебімен жеңіліп қалған еді.

    Бүгін, 5 қарашада Даниял басқа да қазақстандық боксшылармен бірге елге оралды. Спортшы KAZ. NUR.KZ тілшісіне берген сұқбатында әлем біріншілігі қалай өткенін айтып берді.

    "Жарыс деңгейі өте мықты болды, жаңа технологияларды байқадық. Мысалы, былғары қолғапқа соққылардың санын есептеуге арналған құрылғы салады.

    Финалда ұтылуыма тактикалық дайындығымның аздығы себеп болды. Алдағы жоспарым – тек еңбек етіп, қателіктермен жұмыс істеп, мықты болып оралу. Келесі жылы Қазақстан чемпионатына тыңғылықты дайындалып, Азия чемпионаттарында еліме алтын жүлде сыйлағым келеді", - деді Даниял.

    Айта кетейік, 26 қазан мен 2 қараша аралығында өткен турнирге әлемнің 30 елінен 180-ге жуық боксшы қатысқан. Бұл жарыста Қазақстан намысын төрт спортшы қорғап, оның тек екеуі медаль еншіледі. Атап айтқанда, Асылхан Көшербай мен Даниял Райымбеков күміс жүлдеге қол жеткізді.

    World Boxing – 2023 жылдың сәуірінде құрылған халықаралық бокс ұйымы. Кеше, 4 қарашада ұйым қатарына Қазақстан қосылды. Қазір оның құрамында 55 мемлекет бар.

    "Қолғапқа арнайы құрылғы салды": қазақстандық боксшы World Boxing әлем чемпионаты туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.