jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Америкалық мамандардың нұсқауымен": қазақ боксшылары жаңа форматта жаттығу өткізді (видео)

    Cәкен Бибосынов
    Cәкен Бибосынов. Cкриншот: instagram.com/boxingkazakhstan

    Бокстан Қазақстан құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бокс федерациясының хабарлауынша, жиырма күндік оқу-жаттығу жиынынан соң боксшылар үйлеріне қайтады. Бірнеше күн демалыстан кейін Азия чемпионатына бағытталған соңғы дайындық кезеңі басталады.

    "Қайрат Сәтжанов бастаған бапкерлік құрамның және америкалық мамандардың нұсқауымен жаңа форматтағы жаттығулар сериясы жүргізілді", - делінген федерация хабарламасында.

    Бокстан Азия чемпионаты 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияның Амман қаласында өтеді. Бұл жарысқа боксшыларды іріктеу үшін Шымкентте Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир ұйымдастырылған болатын.

    Еске салайық, Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымының толыққанды мүшесі атанған еді. Сондай-ақ федерация Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі ретінде cаналатын 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді.

    "Америкалық мамандардың нұсқауымен": қазақ боксшылары жаңа форматта жаттығу өткізді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.