jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионы атанған қазақ боксшылары халықаралық дәрежедегі атаққа ие болды (фото)

    Ербол Мырзабосынов, Санжарәлі Бегалиев және Шахмұрат Мүтәліп
    Ербол Мырзабосынов, Санжарәлі Бегалиев және Шахмұрат Мүтәліп. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған қазақ боксшыларына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы табысталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ведомство басшысы Ербол Мырзабосынов Черногорияның Будва қаласында және сол уақытта АҚШ-тың Пуэбло қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттаған.

    Будвадағы әлем біріншілігінде қазақстандық боксшылар 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль еншілеп, алғаш рет жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған еді. Ал АҚШ-тағы турнирде біздің боксшылар екі күміс медаль иеленді.

    Бокс федерациясының хабарлауынша, Будва бәсекесінде алтыннан алқа таққан Бексұлтан Боранбек, Төрехан Сабырхан, Санжарәлі Бегалиев, Өнер Сейілхан, Елянур Турганова және Аружан Зейноллаеваға халықаралық спорт шебері атағы табысталды. Сонымен бірге басқа да жүлдегерлерге алғыс хат берілді.

    Еске салайық, бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп әлем чемпионатынан жүлдемен оралған жас боксшыларға берілетін сыйақы жөнінде сөз қозғаған еді.

    Әлем чемпионы атанған қазақ боксшылары халықаралық дәрежедегі атаққа ие болды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.