jitsu gif
Спорт

    Ұлттық құраманы дайындап жатқан америкалық бапкер жаттығуда қазақша сөйлеп жүр (видео)

    Кристофер Камачо
    Кристофер Камачо. Скриншот: instagram.com/boxingkazakhstan

    Таиландта өтетін Азия чемпионаты қарсаңында Қазақстанның бокс құрамасының физикалық дайындығына жауапты америкалық бапкер Кристофер Камачо жаттығу барысында қазақша сөйлеп, көпшілікті таңдандырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында боксшылардың Кристофер Камачоның жетекшілігімен өткізген жаттығу барысынан видео жарияланды.

    Бұл видеодан америкалық маман спортшылармен аудармашы арқылы тілдесіп, арасында қазақ тілінде "Дайындал" деп бастама беретінін көруге болады. Жаттығу соңында Кристофер Камачо жігіттерді "Бері кел" деп жинап, ағылшын тілінде жігерлі сөздерін айтты. Боксшылар оған "Қазақстан, алға" деп ұрандатып жауап қайтарды.

    Дереккөздің мәліметінше, қазақстандық боксшылар Ресей, Куба және Грекия спортшыларымен бірлескен жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Айта кетейік, Кристофер Камачо көптеген жыл бойы кәсіби рингтегі түрлі жекпе-жегі алдында Геннадий Головкиннің жаттығу лагерьлеріне қатысқан.

    Сонымен бірге ол танымал ММА спортшылары Хабиб Нурмагомедов, Дэниал Кормье, Кейн Веласкес, Люк Рокхолдпен жұмыс істеген.

    Ұлттық құраманы дайындап жатқан америкалық бапкер жаттығуда қазақша сөйлеп жүр (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.