jitsu gif
Спорт

    Азия бокс конфедерациясының құрылғаны ресми түрде жарияланды

    Геннадий Головкин
    Геннадий Головкин. Фото: Ben McShane/Sportsfile via Getty Images

    World Boxing Азия аумағында бокстың дамуы мен насихатталуын бақылау үшін жаңа Азия бокс конфедерациясының құрылғанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) Азия бокс конфедерациясының (ASBC) тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне байланысты президенттік қызметінен кеткен Пичай Чунхавадзира, өзінің мәлімдемесінде жаңа ұйымның құрылуына және оның алдағы жұмысына толық қолдау көрсететінін айтты.

    Конфедерацияның құрылуы World Boxing қауымдастығынан айқын қолдау тапты. World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Азия боксының әлемдік аренадағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

    "Мұндай жаңашыл құрылымды құруға қатысу – үлкен мәртебе. Бүгінде Азия боксы әлемдік аренада ерекше рөл атқарады. Жаңа конфедерация біздің аймақтың алатын орнын одан әрі бекітіп және осы спорт түрінің дамуына жаңа серпін береді", - деді Геннадий Головкин.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.