jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы алғаш рет АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

    Айдос Медет
    Айдос Медет. Фото: instagram.com/aidos_medet

    Аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Медеттің (12-0, 8 КО) келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BoxRec.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    11 желтоқсанда Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтетін бокс кешінде Айдос Медет никарагуалық Херсон Ортиспен (17-11, 8 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 12 желтоқсанда таңертең болады.

    Айдос Медет АҚШ-та алғаш рет жекпе-жек өткізгелі тұр. Бұған дейінгі бір кездесуі Стамбұлда өтсе, қалғандарының бәрі Қазақстанда болған. Түркияда ол ресейлік Руслан Берчукпен (14-25, 4 КО) жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.

    Еске салайық, екінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болған еді. Ол 2025 жылдың 25 қаңтарында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында жекпе-жекке шығады. Әзірге боксшының қарсыласы туралы ақпарат жарияланған жоқ.

    Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы алғаш рет АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.