jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ішінде қазақ та бар: Азия чемпионатына қатысатын Өзбекстан бокс құрамасы жасақталды

    Мадияр Саидрахимов
    Мадияр Саидрахимов. Фото: olympic.uz

    Бокстан Азия чемпионатына қатысатын Өзбекстан ерлер құрамасы анықталды. Команда сапында этникалық қазақ Мадияр Саидрахимов та бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азия бокс конфедерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Өзбекстан құрамасы барлық 13 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Этникалық қазақ Мадияр Саидрахимов 92 килограмға дейінгі салмақта бақ сынамақ. Саидрахимов – 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс медаль иегері, 2019 жылғы дүниежүзілік әскерилер ойынының жеңімпазы.

    Бокстан Азия чемпионатына қатысатын Өзбекстан құрамасы:

    • Шодиержон Меликузиев (48 кг);
    • Асилбек Джалилов (51 кг);
    • Шахзод Музаффаров (54 кг);
    • Дильшод Абдумуродов (60 кг);
    • Адхамджон Мухиддинов (63,5 кг);
    • Муджибулло Турсунов (67 кг);
    • Хавасбек Асадуллаев (71 кг);
    • Джавохир Умматалиев (75 кг),
    • Турабек Хабибуллаев (80 кг),
    • Джасурбек Юлдашев (86 кг),
    • Мадияр Саидрахимов (92 кг),
    • Джахонгир Зокиров (+ 92 кг).

    Еске салайық, бокстан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы жасақталған еді.

    Ішінде қазақ та бар: Азия чемпионатына қатысатын Өзбекстан бокс құрамасы жасақталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.