jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Украина құрамасы да Азия чемпионатына қатысатын болды

    Александр Хижняк
    Александр Хижняк. Фото: Buda Mendes/Getty Images

    29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландта өтетін бокстан Азия чемпионатына Украина құрамасы да қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азия бокс конфедерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Құрлық додасында Украина атынан барлығы 25 боксшы сынға түседі. Ерлер арасында Андрей Ефимович (48 кг), Айдер Абдураимов (60 кг), Даниил Дрыжак (63,5 кг), Эльвин Алиев (67 кг), Бозорбой Матякубов (71 кг), Иван Сапун (80 кг), Даниил Жасан (86 кг), Богдан Толмачев (92 кг) және Дмитрий Ловчинский (92+ кг) бақ сынайды. Айта кетерлігі, алдағы Азия біріншілігіне Олимпиада финалында қазақ боксшысы Нұрбек Оралбайды жеңген Александр Хижняк қатыспайды.

    Ал әйелдер арасында Украина намысын қорғайтын Татьяна Довгаль (60 кг), Мария Бова (66 кг), Анастасия Черноколенко (70 кг) Мария Ловчинская (+81 кг) сынды боксшыларды атауға болады.

    Еске салайық, Таиландтағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы жасақталған еді. Сондай-ақ құрлық додасында ел намысын қорғайтын әйелдер құрамасы да белгілі болды.

    Алдағы Азия біріншілігі бастапқыда Иорданияның Амман қаласында өтуі керек болған. Бірақ Азия бокс конфедерациясының басшылығы мен ұйымдастырушылар қауіпсіздік мәселелеріне байланысты турнирді Таиландтың Чиангмай қаласында өткізу туралы шешім қабылдаған.

    Бокстан Украина құрамасы да Азия чемпионатына қатысатын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.