jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ирландияда жекпе-жек өткізіп, титулын қорғайды

    Cұлтан Зәуірбек
    Cұлтан Зәуірбек. Фото: instagram.com/sultanzaurbek

    Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (18-0, 13 КO) қашан рингке оралатыны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Wasserman Boxing промоутерлік компаниясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Сұлтан Зәуірбек 7 желтоқсанда Уотерфордта (Ирландия) жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы польшалық Дамиан Вржесинский (28-3-2, 7 КО) болады.

    "Қазақ патшасы", WBA рейтингінде үшінші тұрған Сұлтан Зәуірбек екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBA Continental титулын қорғап, 2025 жылы әлем чемпионы атағына таласу мүмкіндігіне жақындай түспек", - делінген Wasserman Boxing-нің Instagram-дағы жазбасында.

    28 жастағы Сұлтан Зәуірбек соңғы рет шаршы алаңға биыл 22 маусымда шыққан еді. Ол Ұлыбританияда өткен бокс кешінде аргентиналық Роман Рубен Рейносоны бірінші раундта теникалық нокаутпен жеңіп, WBA Continental титулын иеленді.

    Еске салайық, жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Медт алғаш рет АҚШ-та жекпе-жек өткізетінін жазғанбыз. Ол 11 желтоқсанда Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтетін бокс кешінде никарагуалық Херсон Ортиспен (17-11, 8 КО) жұдырықтасады.

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ирландияда жекпе-жек өткізіп, титулын қорғайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.