Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы спортшыларының қарсыластары кім

Жарияланған күні:

Алуа Балқыбекова
Алуа Балқыбекова.Фото: instagram.com/qaz_olympics

Бүгін, 29 қарашада Таиландтағы Азия чемпионатының жеребесі тартылып, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азия бокс конфедерациясының Youtube-тегі арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Құрлық додасында Қазақстан әйелдер құрамасынан 12 боксшы сынға түседі. Олардың алғашқы қарсыластары төмендегідей:

  • 48 кг. Әйгерім Сәттібаева – Магно Офелия (Филиппин);
  • 50 кг. Алуа Балқыбекова – Раксат Чутхамат (Тайбэй);
  • 52 кг. Жазира Орақбаева – Луо Ю Тинг (Тайбэй);
  • 54 кг. Сымбат Әлиасқар – Сю Вэньцзян (Қытай);
  • 57 кг. Ұлжан Сәрсенбек – Вовк Карина (Украина);
  • 60 кг. Виктория Графеева – Е Чен Сюань (Тайбэй);
  • 63 кг. Аида Әбікеева – Дильфуза Бекова (Өзбекстан);
  • 66 кг. Милана Сафронова – Ли Мин (Тайбэй);
  • 70 кг. Наталья Богданова – Анастасия Черноколенко (Украина);
  • 75 кг. Диана Мағауияева (бірінші айналымда бос);
  • 81 кг. Гүлсая Ержан – Сохиба Рузметова (Өзбекстан);
  • +81 кг. Елдана Талипова (бірінші айналымда бос).

Еске салайық, Қазақстан ерлер құрамасының Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластарын жазған едік.

Таиландтағы Азия біріншілігінің жеңімпаздарына Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан 8000 доллар, күміс жүлдегерлерге 4000 және қола жүлдегерлерге 2000 доллар беріледі. Ал ширек финалистер 1000 доллардан алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2194376-bokstan-aziia-chempionaty-qazaqstan-aielder-quramasy-sportshylarynyng-qarsylastary-kim/