jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық Тимур Баситов кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетті (видео)

    Тимур Баситов
    Боксшы Тимур Баситов. Фото: Тимур Баситовтың Instagram парағынан

    20 жастағы қазақстандық боксшы Таиландта өткен жекпе-жекте Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC Silver) экс-чемпионы Дон Паруеангты жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Тай боксшысы Дон Паруеанг осыған дейін 14 рет жекпе-жек өткізіп, 11 мәрте нокаутпен ұтқан. Алайда ол Таиландтағы бәсекеде қазақстандық жас боксшыдан айласын асыра алмады.

    Жас боксшы тәжірибелі қарсыласын айқын басымдықпен жеңді - төрешілердің бәрі жеңісті бірауыздан Тимурға ұстатты. Осылайша Баситов кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісін тойлады.

    Жекпе-жектен кейін Тимур жанкүйерлер мен Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президентіне алғыс айтты.

    "Бұл – басы ғана. Алға, Қазақстан! Жақсы жекпе-жек болды. Алты раундқа созылды. Қарсылас бұрын чемпион болған. Құдай қаласа, менен қуанышты жаңалықтар күтіңіз", - деді қуанышын жасыра алмаған Тимур Instagram-дағы парағында.

    Қазақстандық Тимур Баситов кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.