jitsu gif
Спорт

    UFC-де өнер көрсеткен қазақ жауынгері желтоқсанда кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін өткізеді

    Дамир Исмағұлов
    Дамир Исмағұлов. Фото: sports.kz

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмағұлов (26-3) желтоқсан айында кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Fight Nights Global президенті Камил Гаджиевтің YouTube желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дамир Исмағұлов 20 желтоқсанда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін турнирде кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін өткізеді. Fight Nights Global президенті Камил Гаджиев YouTube желісіндегі ресми арнасында Дамир Исмағұловтың қатысуымен өтетін жекпе-жекті ресми түрде мәлімдеді.

    Камил Гаджиевтің айтуынша, бұл шараға Рой Джонс, Маркус Майдана секілді әлемдік деңгейдегі жұлдыздар арнайы келіп қатысады. Сонымен қатар бұл кеште қазақстандық танымал спортшылар Дамир Исмағұлов пен Жалғас Жұмағұлов өнер көрсетеді.

    Алайда Дамир Исмағұловтың қарсыласы туралы нақты ақпарат жоқ.

    Айта кетейік, Дамир Исмағұлов – M-1 Global ұйымының бұрынғы чемпионы және UFC-де 7 жекпе-жек өткізіп, бесеуінде жеңіске жеткен тәжірибелі спортшы.

    Ол ММА-дан бөлек, кикбоксинг пен грэпплинг секілді басқа да спорт түрлерінде бақ сынаған. Осы жылдың маусым айында ол кикбоксингтен Эдуард Вартанянмен, сондай-ақ грэпплингтен Арман Оспанов және Нұрберген Шәріповпен күш сынасқан.

    UFC-де өнер көрсеткен қазақ жауынгері желтоқсанда кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.