jitsu gif
Спорт

    Махмұд Сабырхан қарсыласын үш мәрте нокдаунға түсіріп, ширек финалға шықты (видео)

    Махмұд Сабырхан
    Махмұд Сабырхан. Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Таиландтағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    54 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде тайбэйлік Лай Ян-Линмен кездесті. Бұл жекпе-жекте қазақ боксшысы бірінші раудта қарсыласын техникалық нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

    Енді Махмұд Сабырхан ширек финалда Шри-Ланка елінің боксшысы Жаянант Кумарамен кездеседі. Қос боксшы арасындағы ширек финалдық бәсеке 6 желтоқсанда өтеді.

    Еске салайық, бұл Азия чемпионатында ерлер арасында Оразбек Асылқұлов (57 кг), Бейбарыс Жексен (60 кг), Дулат Бекбауов (67 кг) алғашқы кездесулерінде жеңіске жеткен.

    Ал әйелдер арасында Ұлжан Сәрсенбек (57 кг) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Алуа Балқыбекова денсаулық жағдайына байланысты турнирден шығып қалды.

    Махмұд Сабырхан қарсыласын үш мәрте нокдаунға түсіріп, ширек финалға шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.