
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалдық бәсекесінде бүгін Қазақстан құрамасының 5 боксшысы өнер көрсетеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін, 4 желтоқсанда Азия чемпионатының шаршы алаңында 5 қазақстандық боксшы ширек финалда бақ сынайды.
- 67 кг. Дулат Бекбауов – Арифф Айман Мухаммад (Малайзия);
- 71 кг. Абылайхан Жүсіпов – Байрамдурды Нұрмұхаммедов (Түрікменстан);
- 75 кг. Диас Молжігітов – Дайго Сунага (Жапония);
- 48 кг. Айгерім Сәттібаева – Офелия Маньо (Филиппин);
- 54 кг. Сымбат Әлиасқар – Вен Шань Ху (Қытай).
Ширек финалдық бәсекелер Қазақстан уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады. Жекпе-жектердің тікелей көрсетілімін Азия бокс қауымдастығының YouTube желісіндегі ресми арнасынан көруге болады.
Еске салайық, кешегі жарыс күнінде ерлер арасында Махмұд Сабырхан (54 кг), әйелдер арасында Аида Әбікеева (63 кг), Милана Сафронова (66 кг) жеңіске жеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2195861-zhartylai-finalga-bir-qadam-qaldy-bugin-aziia-chempionatynda-el-namysyn-kim-qorgaidy/