jitsu gif
Спорт

    Дулат Бекбауов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

    Дулат Бекбауов пен Арифф Айман Мухаммад
    Дулат Бекбауов пен Арифф Айман Мухаммад. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Дулат Бекбауов 1/4 финалда малайзиялық Арифф Айман Мухаммадпен жұдырықтасты. 67 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы үш раундта да қарсыласын нокдаунға түсірді. Төреші үшінші раундта жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты.

    Айта кетейік, Дулат Бекбауов алғашқы жекпе-жегінде тайпейлік Джиа-Джун Чиуан Вангпен кездесіп, 5:0 есебімен ұтқан еді.

    Осыған дейін бокстан Қазақстан ерлер құрамасының тағы бір мүшесі Диас Молжігітов жапониялық қарсыласы шаршы алаңға шыға алмайтын болған соң, Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алған еді.

    Бүгін, 4 желтоқсанда Азия чемпионатының ширек финалында тағы 3 қазақстандық боксшы бақ сынайды. Абылайхан Жүсіпов түрікменстандық Байрамдурды Нұрмұхаммедовпен, Айгерім Сәттібаева филиппиндік Офелия Маньомен, Сымбат Әлиасқар қытайлық Вен Шань Хумен жұдырықтасады.

    Дулат Бекбауов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.