jitsu gif
Спорт

    Бүгін Азия чемпионатында алты қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады

    Оразбек Асылқұлов шаршы алаңда
    Оразбек Асылқұлов. Фото: kfb.kz

    Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының ширек финалдық кезеңінде бірнеше қазақстандық былғары қолғап шеберлері сынға түседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 5 желтоқсанда Азия чемпионатының ширек финалдық кезеңінде 6 қазақстандық боксшы жұдырықтасады.

    • 57 кг. Оразбек Асылқұлов (Қазақстан) – Пануват Чожан-Ат (Қытай Тайбэйі);
    • 60 кг. Бейбарыс Жексен (Қазақстан) – Акмал Убайдов (Тәжікстан);
    • 80 кг. Ерасыл Жақпеков (Қазақстан) – Сағын Сатыбалды Уулу (Қырғызстан);
    • 52 кг. Жазира Орақбаева (Қазақстан) – Луо Ю Тин (Қытай Тайбэйі);
    • 57 кг. Ұлжан Сәрсенбек (Қазақстан) – Нгуен Хуен Чан (Вьетнам);
    • 60 кг. Виктория Графеева (Қазақстан) – Е Чен-Сюань (Қытай Тайбэйі).

    Ширек финалдық бәсекелер Қазақстан уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады. Жекпе-жектердің тікелей көрсетілімін Азия бокс қауымдастығының YouTube желісіндегі ресми арнасынан көруге болады.

    Айта кетейік, 5 және 6 желтоқсанда жарыстың қалған салмақ дәрежелері бойынша ширек финалдық кездесулер өтеді.

    Ал жартылай финалдық жекпе-жектер 9 желтоқсанда, ал финалдық кездесулер 11 желтоқсанда өтеді.

    Бүгін Азия чемпионатында алты қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.