jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Оразбек Асылқұлов ринг қожайынын жеңіп, Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

    Боксшы Оразбек Асылқұлов
    Боксшы Оразбек Асылқұлов. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Оразбек Асылқұлов ширек финалда таиландтық Пануват Чожан-Атпен кездесті. 57 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақ боксшысы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Енді ол финалған жолдаманы Лунда Бантумурмен (Моңғолия) сарапқа салады. Жекпе жек 8 желтоқсанға жоспарланған.

    Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде малайзиялық Зулхайлан Мохамадты екінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан еді.

    Бүгін, 5 желтоқсанда тағы бес қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Ерлер арасында Бейбарыс Жексен тәжістандық Акмал Убайдовпен, Ерасыл Жақпеков қырғызстандық Сағын Сатыбалды Уулумен жұдырықтасады. Ал әйелдер арасында Жазира Орақбаева тайбэйлік Луо Ю Тинмен, Ұлжан Сәрсенбек вьетнамдық Нгуен Хуен Чанмен және Виктория Графеева тайбэйлік Е Чен-Сюаньмен қолғап түйістіреді.

    Оразбек Асылқұлов ринг қожайынын жеңіп, Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.