Спорт

Зектілері

Қазақ боксшысы қарсыласын нокаутпен жеңіп, Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Жарияланған күні:

Оразбек Асылқұлов шаршы алаңда
Оразбек Асылқұлов. Фото: kfb.kz

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Оразбек Асылқұлов Таиландтағы Азия чемпионатын жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

57 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Оразбек Асылқұлов алғашқы жекпе-жегінде малайзиялық Зулхайлан Мохамадпен кездесті. Бұл жекпе-жекте қазақ боксшысы екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.

Бұл – Қазақстан құрамасының 2024 жылғы Азия чемпионатындағы екінші жеңісі. Осыған дейін Дулат Бекбауов (67 кг) тайпейлік Джиа-Джун Чиуан Вангтан басым түсіп, ширек финалға шыққан еді.

Еске салайық, Қазақстан ерлер құрамасы боксшыларының Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болған еді. Сондай-ақ әйелдер командасы спортшылары да бірінші жекпе-жегін кіммен өткізетіні анықталды.

Таиландтағы Азия біріншілігінің жеңімпаздарына Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан 8000 доллар, күміс жүлдегерлерге 4000 және қола жүлдегерлерге 2000 доллар беріледі. Ал ширек финалистер 1000 доллардан алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2194728-qazaqstandyq-boksshy-aziia-chempionatynda-qarsylasyn-nokautpen-zhengip-shirek-finalga-otti/