jitsu gif
Спорт

    Қазақ қызы бокстан Азия чемпионатында қарсыласын алғашқы раундта жеңді

    Жазира Орақбаева
    Жазира Орақбаева. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Жазира Орақбаева Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жазира Орақбаева 52 кг салмақ дәрежесіндегі ширек финалда тайбэйлік Луо Ю-Тинмен кездесті. Бұл жекпе-жекте Орақбаева қарсыласын бірінші раундта екі рет нокдаунға түсірді. Кейін төреші кездесуді тоқтатып, жеңіс қазақ боксшысының еншісіне жазылды.

    2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Жазира Орақбаева келесі жекпе-жегін 7 желтоқсанда өзбекстандық Феруза Казаковаға қарсы өткізеді.

    Бүгін, 5 желтоқсанда Қазақстан әйелдер құрамасынан тағы екі боксшы жарыс жолына шығады. Ұлжан Сәрсенбек вьетнамдық Нгуен Хуен Чанмен және Виктория Графеева тайбэйлік Е Чен-Сюаньмен қолғап түйістіреді.

    Қазақ қызы бокстан Азия чемпионатында қарсыласын алғашқы раундта жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.