jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, жартылай финалға жолдама алды

    Ұлжан Сәрсенбек
    Ұлжан Сәрсенбек. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Чиангмайда (Таиланд) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық Ұлжан Сәрсенбек ширек финалдық кездесуде жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Ұлжан Сәрсенбек Чиангмайдағы (Таиланд) бокстан Азия чемпионатында 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатыр.

    Ұлжан Сәрсенбек бұл біріншіліктің ширек финалында вьетнамдық Нгуен Хуен Чанға қарсы кездесу өткізді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің бірыңғай шешімімен (5:0) жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Кездесудің екінші раундында Ұлжан Сәрсенбек қарсыласын нокдаунға түсіріп, есеп ашқан болатын.

    Айта кетейік, 5 және 6 желтоқсанда жарыстың қалған салмақ дәрежелері бойынша ширек финалдық кездесулер өтеді.

    Ал жартылай финалдық жекпе-жектер 9 желтоқсанда, ал финалдық кездесулер 11 желтоқсанда өтеді деп жоспарланған.

    Қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, жартылай финалға жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.