jitsu gif
Спорт

    Сәкен Бибосынов, Санжар Тәшкенбай: бүгін Азия чемпионатында боксшыларымыз ширек финалда бақ сынайды

    Сакен Бибосынов
    Сакен Бибосынов. Фото: Ben McShane/Getty Images

    Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі ширек финалдық бәсекелерінде қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шығады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 6 желтоқсанда Азия чемпионатының ширек финалдық бәсекесінде 5 қазақстандық боксшы бақ сынайды.

    • 48 кг. Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Мехрон Шафиев (Тәжікстан);
    • 51 кг. Сәкен Бибосынов (Қазақстан) – Асылбек Жалилов (Өзбекстан);
    • 54 кг. Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Джаятнатх Кумар (Шри-Ланка);
    • 63,5 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан) – Сомчай Вонгсуван (Тайланд);
    • 92 кг. Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) – Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан).

    Ширек финалдық бәсекелер Қазақстан уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады. Жекпе-жектердің тікелей көрсетілімін Азия бокс қауымдастығының YouTube желісіндегі ресми арнасынан көруге болады.

    Айта кетейік, жартылай финалдық жекпе-жектер 9 желтоқсанда, ал финалдық кездесулер 11 желтоқсанда өтеді.

    Сәкен Бибосынов, Санжар Тәшкенбай: бүгін Азия чемпионатында боксшыларымыз ширек финалда бақ сынайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.