jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Махмұд Сабырхан Азия чемпионатындағы екінші қарсыласын да мерзімінен бұрын жеңді (видео)

    Махмұд Сабырхан қарсыласымен
    Махмұд Сабырхан қарсыласымен Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

    Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан (54 кг) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалдық жекпе-жегінде жеңіске жетті.

    Ширек финалда оның қарсыласы Шри-Ланка өкілі Джаятнатх Кумар болды. Махмұд Сабырхан екінші раундта қарсыласын бірнеше мәрте нокдаунға түсіргесін, төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алды.

    Ерлер арасындағы жартылай финалдық жекпе-жектер 8 желтоқсанға жоспарланған.

    Еске сала кетейік, 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан үшін бұл біріншіліктегі екінші кездесуі болды. Ол 1/8 финалда тайваньдық Лай Ян-Линді бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңген еді.

    Махмұд Сабырхан Азия чемпионатындағы екінші қарсыласын да мерзімінен бұрын жеңді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.