jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Төрешілерге күш көрсеткен": бұрынғы туризм және спорт министрінің ағасы жазаланды

    Шаршы алаңға ілінген бокс қолғабы
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ақтауда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында жаттықтырушы Ерік Маржықпаев төрешілердің шешіміне наразылық білдіріп, оларға күш көрсеткен. Осы оқиғадан кейін бапкер 2 жылға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды бокс федерациясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін желіде Ерік Маржықпаевтың Қазақстан чемпионатында төрешілермен жанжалдасқан сәтінің видеосы тараған еді.

    Бокс федерациясының хабарлауынша, оқиға 5 желтоқсанда болған. Ерік Маржықпаевтың ұлы Кенесарыәмір Маржықпаев ақмолалық спортшы Дамир Ибрагимовтен 4:1 есебімен жеңіліп қалған.

    "Нәтиже жарияланған соң Астана қаласының жаттықтырушысы (К. Маржықпаевтың әкесі) Ерік Маржықпаев төрешілер шешіміне қарсылық білдіріп, дауыс көтерді, кейін текетірес орын алып, ол төрешілерге физикалық күш көрсетті. Боксшылар әулетінің өкілі болып табылатын Ерік Маржықпаев көп ұзамай басқа мамандардан кешірім сұрады", - делінген хабарламада.

    Қазақстан бокс федерациясы Маржықпаев Е. мәселесі бойынша атқарушы комитеттің отырысын өткізіп, ҚР спорттық этикасының бұзылу мәселесін қарастырған.

    "Отырыс нәтижесінде Маржықпаев Е. бапкерлерді, төрешілерді, жарыс ұйымдастырушыларын құрметтемегені үшін және ҚР спорттық этикасын бұзғаны үшін бокстан жергілікті, республикалық және халықаралық жарыстардан 2 жылға шеттетілді", - деп мәлімдеді бокс федерациясының баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, Ерік Маржықпаев – бұрынғы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың ағасы.

    "Төрешілерге күш көрсеткен": бұрынғы туризм және спорт министрінің ағасы жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.