jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық екі боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

    Қазақстандық боксшы Виктория Графеева
    Қазақстандық боксшы Виктория Графеева. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшылары Виктория Графеева мен Аида Әбікеева Таиландтағы Азия чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Виктория Графеева 60 кг салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Таиланд спортшысы Порнтип Буапамен кездесті. Бұл бәсекеде қазақстандық боксшы бірінші және екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, Графеева техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

    63 кг салмақтағы Аида Әбікеева да жартылай финалда таиландтық боксшымен жұдырықтасты. Оның қарсыласы Париж Олимпиадасының қатысушысы Тхананья Сомнуек болды. Тартысты өткен кездесуде Әбікеева 4:1 есебімен қарсыласынан басым түсті.

    Еске салайық, Жазира Орақбаева мен Ұлжан Сәрсенбек жартылай финалда қарсыластарына есе жіберіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған еді. Сондай-ақ бес балалы ана Әйгерім Сәттібаева да қола медаль еншіледі.

    Қазақстандық екі боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.