jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Наталья Богданова украиналық боксшыны жеңіп, Азия чемпионатының финалына өтті

    Наталья Богданова
    Наталья Богданова. Фото: Аян Төлеген / Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Таиландтағы Азия чемпионатының алтынына таласады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    70 кг салмақ дәрежесінде сынға түсетін Богданованың жартылай финалдағы қарсыласы украиналық Анастасия Черноколенко болды. Қазақстандық боксшы бастапқыда жеңіліп жатқанымен, кейін басымдықты арттырып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

    Бұл Наталья Богданова үшін Таиландтағы Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жек болды. Ол – Азия ойындарының қола жүлдегері. Ал Анастасия Черноколенко Еуропа чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, 2014 жылғы әлем чемпионатының қола медаль иегері.

    Осыған дейін Жазира Орақбаева мен Ұлжан Сәрсенбек жартылай финалда қарсыластарына есе жіберіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған еді. Сондай-ақ бес балалы ана Әйгерім Сәттібаева да қола медаль еншіледі.

    Наталья Богданова украиналық боксшыны жеңіп, Азия чемпионатының финалына өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.