jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Боксшы Гүлсая Ержан Азия чемпионатының алтынына таласады

    Гүлсая Ержан
    Гүлсая Ержан. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Қазақстандық боксшы Гүлсая Ержан Таиландтағы Азия чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Гүлсая Ержан 81 кг салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда өзбекстандық Сохибо Рузметовамен жұдырықтасты. Бұл бәсекенің нәтижесінде Гүлсая төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

    Осылайша Гүлсая Ержан құрлықтық біріншіліктің финалына шығып, алтынға таласатын болды. Ал Сохибо Рузметова Таиландтағы турнирді қола медальмен аяқтайды.

    Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасынан Виктория Графеева, Аида Әбікеева және Наталья Богданова финалға өткен еді. Ал Әйгерім Сәттібаева, Жазира Орақбаева, Ұлжан Сәрсенбек, Милана Сафронова және Диана Мағауияева жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде еншіледі.

    Боксшы Гүлсая Ержан Азия чемпионатының алтынына таласады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.