jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ерасыл Жақпеков өзбек боксшысына есе жіберіп, Азия чемпионатының қола жүлдесін еншіледі

    Ерасыл Жақпеков
    Ерасыл Жақпеков. Фото: instagram.com/zhakpekov.jr

    Қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпеков Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалында күш сынасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ерасыл Жақпеков (80 кг) жартылай финалдық бәсекеде өзбекстандық Турабек Хабибуллаевпен кездесу өткізді. Нәтижесінде Ерасыл Жақпеков қарсыласынан төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіліп қалды. Осылайша ол Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

    Ерасыл Жақпеков жарысты бірден ширек финалдан бастады. Оның алғашқы қарсыласы қырғызстандық Сағын Сатыбалдыұлы болды. 80 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақ боксшысы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (5:0).

    Айта кетейік, Таиландтың Чиангмай қаалсында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалдық бәсекелері 11 желтоқсанда өтеді деп жоспарланған.

    Ерасыл Жақпеков өзбек боксшысына есе жіберіп, Азия чемпионатының қола жүлдесін еншіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.