jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Тағы бір қазақ боксшысы Азия чемпионатының финалына жолдама алды

    Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов
    Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Қазақстан құрамасының боксшысы Оразбек Асылқұлов Таиландтағы Азия чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Оразбек Асылқұлов 57 кг салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда жекпе-жек өткізді. Оның қарсыласы моңғол боксшысы Лундаа Гантумур болды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Асылқұлов төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті (5:0).

    Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов Таиландтағы бәсекенің 1/8 финалында малайзиялық Зульхайлан Мохамадты нокаутпен жеңіп, кейінгі жекпе-жегінде таиландтық Фануват Чуджанаттан басым түскен еді.

    Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасынан екі боксшы финалға шықты. Санжар Тәшкенбай жартылай финалда Жапония өкілі Казума Аратакені жеңсе, Махмұд Сабырхан таиландтық Суктхет Сарабутты тізе бүктірді.

    Тағы бір қазақ боксшысы Азия чемпионатының финалына жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.