jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан ерлер құрамасынан бесінші боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

    Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов
    Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов Таиландтағы Азия чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Абылайхан Жүсіпов 71 кг салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда тәжікстандық Шохобжан Шукуровпен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық боксшы төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

    Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов – әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021) және Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2017).

    Осыған дейін Қазақстан ерлер құрамасынан 4 боксшы Азия біріншілігінің финалына жолдама алды. Атап айтқанда, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Оразбек Асылқұлов, Дулат Бекбауов алтын жүлдеге таласады.

    Қазақстан ерлер құрамасынан бесінші боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.