jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Қашып жүрген жоқпын": Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен неге бас тартқанын айтты

    Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз
    Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз. Фото: instagram.com/queensberrypromotions

    Британиялық кәсіпқой боксшы Хамза Шираз неге IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартып, оның орнына WBC чемпионы доминикалық Карлос Адаместі таңдағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Youtube-тегі BoxNation арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жәнібек Әлімханұлы мен WBO титулына міндетті үміткер болған британиялық Хамза Шираз арасында жекпе-жек өтеді деп жоспарланған еді. Тіпті WBO бұл жекпе-жекке арналған бәссауданы да жариялады. Алайда Хамза Шираздың командасы жекпе-жектен бас тартты. Британиялық боксшы 22 ақпанда WBC титулы үшін Карлос Адамеспен жұдырықтасатын болды.

    "Бұл Фрэнк Уорреннің (Шираздың промоутері – ред.ескертпесі) шешімі. Мен WBC титулына Уильямспен болған жекпе-жектен кейін-ақ міндетті үміткер болғанмын. Яғни, Карлос Адамеспен бұрынырақ жекпе-жек өткізуім керек еді. Бірақ, оның өзге боксшымен жұдырықтасуын күтетін болғандықтан, уақыт жоғалтпайын деп мен Тайлер Деннимен аралық кездесу өткізем деп шештім. Адамеспен жекпе-жегім WBO мені Жәнібекпен жұдырықтасуға міндеттеуден бұрын жоспарланып қойған. Тек мұны көпшілік білмейді, жарнамалаған жоқпыз.

    Мені Жәнібектен қашып жүр деп ойлау ақымақтық. Боксшылар ешқашан бір-бірінен қашпайды. Бәрі қаржыға келіп тіреледі, тиімді болса жекпе-жекке кіммен болса да шыға бересің. 

    Жәнібек қазір әркімнен жекпе-жек сұрап жалынып жүр. Соған байланысты хейтерлер бізді айыптауда. Иә, ол мықты боксшы, бірақ танымал емес. Сондықтан жекпе-жек алу үшін қолынан келгеннің бәрін істеп жатыр, тіпті кейде ақымақ болып кетеді", - деді Хамза Шираз.

    Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы қазанда Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасып, нокаутпен жеңген еді.

    "Қашып жүрген жоқпын": Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен неге бас тартқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.