jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Азия чемпионы атанды

    Аида Әбікеева
    Аида Әбікеева. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Аида Әбікеева Азия чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    63 кг салмақ дәрежесіндегі финалда Аида Әбікеева вьетнамдық Лин Ха Тхимен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті (5:0).

    Бұл – Қазақстан құрамасы үшін 2024 жылғы Азия біріншілігіндегі екінші алтын медаль. Осыған дейін Виктория Графеева 60 кг салмақ дәрежесіндегі финалда Қытай өкілі Ли Цяньді жеңіп, Азия чемпионы атанған еді.

    Бүгін, 10 желтоқсанда тағы 3 қазақстандық боксшы финалда сынға түседі. Наталья Богданова таиландтық Байсон Маниконмен, Гүлсая Ержан украиналық Карине Айрапетянмен, ал Елдана Тәліпова өзбекстандық Олтиной Сотимбоевамен өзара мықтыны анықтайды.

    Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.