jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Боксшы Гүлсая Ержан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

    Боксшы Гүлсая Ержан
    Боксшы Гүлсая Ержан. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Қазақстандық боксшы Гүлсая Ержан Таиландтағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Гүлсая Ержан 81 кг салмақ дәрежесіндегі финалда украиналық Карине Айрапетянмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

    Айта кетейік, Гүлсая Ержан жартылай финалда өзбекстандық Сохибо Рузметовадан басым түскен еді. Қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберген.

    Қазір Қазақстан қоржынында Таиландтағы Азия чемпионатының 4 алтын, 6 қола жүлдесі бар. Осыған дейін Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг) Азия чемпионы атанған болатын.

    Ал Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауяева (75 кг), сондай-ақ ерлер арасында Ерасыл Жақпеков (80 кг) жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде еншіледі.

    Боксшы Гүлсая Ержан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.