jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елдана Тәліпова өзбек боксшысын жеңіп, Азия чемпионы атанды

    Боксшы Елдана Тәліпова
    Боксшы Елдана Тәліпова. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Елдана Тәліпова Таиландтағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Елдана Тәліпованың ақтық сындағы қарсыласы өзбек боксшысы Олтиной Сотимбоева болды. 81 килограмнан жоғары салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Тәліпова 4:1 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль еншліеді.

    Қазір Қазақстан қоржынында Таиландтағы Азия чемпионатының 5 алтын, 6 қола жүлдесі бар. Осыған дейін Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг) және Гүлсая Ержан (81 кг) Азия чемпионы атанған болатын.

    Ал Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауяева (75 кг), сондай-ақ ерлер арасында Ерасыл Жақпеков (80 кг) жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде еншіледі.

    Елдана Тәліпова өзбек боксшысын жеңіп, Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.