Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы есепте бірінші орын алды
Опубликовано:

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Чиангмайда (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатының медаль кестесінде бірінші орынға тұрақтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қазақстан әйелдер құрамасының боксшылары Азия чемпионатында барлығы 10 жүлде жеңіп алды. Оның бесеуі алтын, бесеуі қола медаль.
Алтын медаль иеленгендердің қатарында Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Елдана Тәліпова (81+) бар. Ал Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауяева (75 кг) қола жүлдені қанжығалады.
Бұл көрсеткішпен Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы есепте көш бастады. Екінші орынға Өзбекстан жайғасса, үздік үштікті Таиланд түйіндеп тұр.
Әйелдер арасындағы Азия чемпионатының медаль кестесі:
- 1. Қазақстан (5-0-5);
- 2. Өзбекстан (3-4-2);
- 3. Таиланд (3-1-2);
- 4. Қытай (1-2-1);
- 5. Вьетнам (0-3-1);
- 6. Украина (0-2-6);
- 7. Тайбэй (0-0-2);
- 8. Филиппин (0-0-1);
- 8. Сауд Арабиясы (0-0-1).
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2198673-bokstan-aziia-chempionaty-qazaqstan-aielder-quramasy-zhalpy-esepte-birinshi-oryn-aldy/