jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Өзін "Головкин" деп таныстыратын боксшы кәсіпқой спорттағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті (видео)

    София Роблес пен Геннадий Головкин
    София Роблес пен Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/la_golovkina1

    Геннадий Головкиннің жанкүйері әрі өзін оның тегімен таныстыратын аргентиналық боксшы София Роблес кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ боксшының Х желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    София Роблес Буэнос-Айресте өткен бокс кешінде аргентиналық Виктория Мануэла Ромеромен кездесу өткізді. Төрт раундқа жоспарланған кездесуде София Роблес қарсыласын төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

    Кәсіпқой бокста София Роблес өзін "Головкина" лақапатымен таныстырып жүр. Тіпті Геннадий Головкиннің тегі оның жекпе-жекке киіп шығатын киімінде де жазылған. Әлеуметтік желідегі парақшасында спортшы өзін "София Головкина" деп атайды.

    Айта кетейік, биыл көктемде София Роблес GGG-мен шынайы өмірде кездесті. Бұл кездесу Италиядағы Олимпиада қарсаңындағы лицензиялық турнирде болды. София Роблес Париж Олимпиадасына қатысу үшін жолдама алу мақсатында бұл турнирге қатысқан, ал Геннадий Головкин Қазақстан делегациясының құрамында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті ретінде қатысты.

    Өзін "Головкин" деп таныстыратын боксшы кәсіпқой спорттағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.