jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысынан жеңіліп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Санжар Тәшкенбай
    Санжар Тәшкенбай. Фото: instagram.com/tashkenbay_sanzhar

    Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Таиландтағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Санжар Тәшкенбай 48 кг салмақ дәрежесіндегі финалда өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен кездесті. Нәтижесінде Санжар Тәшкенбай төрешілердің шешімі бойынша (1:4) жеңіліс тауып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

    Санжар Тәшкенбай 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында, 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңген болатын.

    Айта кетейік, бүгін, 11 желтоқсанда Азия чемпионатының шаршы алаңында тағы 8 қазақстандық боксшы сынға түседі. Олар: Махмұд Сабырхан (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг), Айбек Оралбай (+92 кг).

    Финалдық жекпе-жектердің тікелей көрсетілімін Азия бокс қауымдастығының YouTube желісіндегі ресми арнасынан көруге болады.

    Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысынан жеңіліп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.