jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Дулат Бекбауов Азия чемпионатының финалында өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

    Боксшы Дулат Бекбауов
    Боксшы Дулат Бекбауов. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Таиландтағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Дулат Бекбауовтың финалдағы қарсыласы өзбек боксшысы Мужибилло Тұрсынов болды. 67 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Тұрсынов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

    Айта кетейік, 29 жастағы Дулат Бекбауов – 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ оның еншісінде 2022 жылғы Азия біріншілігінің күмісі бар.

    Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасынан 3 боксшы финалда сынға түсіп, үшеуі де өзбекстандық спортшылармен жұдырықтасты. Санжар Тәшкенбай мен Оразбек Асылқұлов қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлде иеленді. Ал Махмұд Сабырхан жеңіске жетіп, алтын медаль еншіледі.

    Дулат Бекбауов Азия чемпионатының финалында өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.