jitsu gif
Спорт

    Төртінші күміс: Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Абылайхан Жүсіпов
    Абылайхан Жүсіпов. Фото: Владислав Семенов / Қазақстан ҰОК

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов Таиландтағы Азия чемпионатының финалында жұдырықтасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Абылайхан Жүсіпов 71 кг салмақ дәрежесіндегі финалда өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевпен жұдырықтасты. Нәтижесінде Абылайхан Жүсіпов төрешілердің шешімімен (1:4) жеңіліс тауып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

    Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021) және Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2017) атанған.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг) Азия чемпионатының күміс медалін еншілесе, Махмұд Сабырхан (54 кг) қанжығасына алтын жүлдені байлады.

    Төртінші күміс: Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.