jitsu gif
Спорт

    Бекзат Нұрдәулетов өзбек боксшысынан айласын асырып, Азия чемпионы атанды

    Бекзат Нұрдәулетов
    Бекзат Нұрдәулетов. Фото: Donat Sorokin/TASS/Getty Images

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Бекзат Нұрдәулетов Таиландтағы Азия чемпионатының финалында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    86 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Бекзат Нұрдәулетов финалдық кезеңде өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен кездесу өткізді. Нәтижесінде Бекзат Нұрдәулетов төрешілердің шешімімен (1:4) жеңіске жетті.

    Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылы Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңген.

    Қазіргі уақытта Қазақстан ерлер құрамасының қоржынында Азия чемпионатының 2 алтын, 5 күміс, 1 қола жүлдесі бар. Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) чемпион атанса, Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг) күміс және жартылай финалда жеңілген Ерасыл Жақпеков (80 кг) қола медаль иеленді.

    Сондай-ақ бүгін Сағындық Тоғамбай (92 кг) мен Айбек Оралбай (+92 кг) финалдық жекпе-жектерін өткізеді.

    Бекзат Нұрдәулетов өзбек боксшысынан айласын асырып, Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.