jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының қорытындысы бойынша нешінші орынға табан тіреді

    Айбек Оралбай
    Айбек Оралбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Таиландтың Чиангмай қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жалпы есепте 2-орынды иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан ерлер құрамасы Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында 4 алтын, 5 күміс, 1 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 2-орынға табан тіреді.

    Ал 8 алтын, 2 күміс, 1 қола медальді қанжығасына байлаған Өзбекстан ерлер құрамасы жалпы есепте көш бастады.

    Бұл Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан (54 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг), Айбек Оралбай (+92 кг) жеңімпаз атанды. Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг) күміс медаль иеленсе Ерасыл Жақпеков (80 кг) қола медальді қанжығасына байлады.

    Естеріңізге сала кетейік, Таиландтың Чиангмай қаласындағы Азия чемпионатының әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы турнирдің медальдар есебінде көш бастады. Қазақстанның әйелдер құрамасының боксшылары 5 алтын, 5 қола жүлде жеңіп алды.

    Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының қорытындысы бойынша нешінші орынға табан тіреді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.