jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Олимпиада жүлдегері Иван Дычко кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізеді

    Иван Дычко
    Иван Дычко. Фото: olympic.kz

    Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко 27 желтоқсанда Алматыда жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ All Stars Boxing промоутерлік компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    27 желтоқсанда Алматыда өтетін All Stars Boxing кеші аясында Иван Дычко 35 жастағы ресейлік боксшы Виталий Кудуховпен жұдырықтасады. Аса ауыр салмақтағы аталмыш жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

    Иван Дычко соңғы рет кәсіпқой рингке 21 тамызда АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Сити қаласында шыққан болатын. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы Иван Дычко америкалық Крейг Льюисті екінші раундта нокаутпен жеңді.

    Айта кетейік, Дычконың бұған дейінгі жекпе-жегіне дейін бір жылдан астам үзіліс болған. Ал оның қарсыласы Виталий Кудухов соңғы жекпе-жегін биыл наурызда өткізген болатын.

    All Stars Boxing кешінің басты жекпе-жегінде Мұратбек Қасымбай мен Мохаммад Хейбати бокс ережесі бойынша сынға түседі. Сондай-ақ бұл кеште танымал ММА файтері Қуат Хамитов, Жұман Жұмабеков секілді спортшылар өнер көрсетеді.

    Олимпиада жүлдегері Иван Дычко кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.