jitsu gif
Спорт

    Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы жекпе-жегі қарсаңында қарсыласымен көз түйістірді (видео)

    Садриддин Ахмедов
    Садриддин Ахмедов. Фото: instagram.com/sadriddin_____soq

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтіп және қарсыласымен көз түйістірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ боксшының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) 14 желтоқсан таңертең америкалық Рафаэль Игбоквеге (17-5, 7 КО) қарсы кездесу өткізеді.

    Садриддин Ахмедов АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Инес қаласында өтетін Hollywood Fight Nights шоуының басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді. Бұл кешті танымал промоутер Том Леффлердің 360 Promotions компаниясы ұйымдастырып отыр.

    Жекпе-жек қарсаңында боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз түйістірді. Садриддин Ахмедовтің салмағы – 72,03 кг (158,8 фунт), ал Рафаэль Игбоквенің салмағы – 71,21 кг (157,2 фунт) болды. Жекпе-жек орта салмақта (72,57 келі немесе 160 фунт) өтеді.

    Айта кетейік, бұл жекпе-жек Садриддин Ахмедовтің АҚШ-тағы екінші кездесуі болмақ. Бұған дейін ол тамызда дәл осы қалада Антонио Тодд (17-12, 9 КО) есімді америкалық боксшымен жекпе-жек өткізіп, бірінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен еді.

    Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы жекпе-жегі қарсаңында қарсыласымен көз түйістірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.