
Халықаралық допинг агенттігі (ITA) қазақстандық боксшы Дамир Тойбайды екі жылға жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ITA-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Халықаралық допинг агенттігінің (ITA) жүргізген есебіне сәйкес, қазақстандық боксшы Дамир Тойбай аталмыш ұйымның ережелерінің бірін бұзған. Нақтырақ айтқанда, өзінің тұрғылықты жері туралы ақпаратты бермеген. Осыған байланысты IТA қазақстандық боксшыны 2026 жылдың 5 маусымына дейін жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, Дамир Тойбай 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған. Сондай-ақ Дамир Тойбай 2019 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.
Сондай-ақ IBA және ASBC ұйымдары 71 кг салмақта сынға түскен Абылайхан Жүсіповтың өзбек спортшысымен ақтық жарысын қайта қарап, оны Азия чемпионы деп танығанын да жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2200304-zhastar-arasyndagy-aziia-chempionatynyng-zhengimpazy-2-zhylga-bokstan-shettetildi/