jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстандық спортшы танымал қырғызстандық файтерді спарринг кезінде нокдаунға түсірді (видео)

    Ануарбек Бекембетов пен Қанат Келдібеков
    Ануарбек Бекембетов пен Қанат Келдібеков. Скриншот: instagram.com/anuarbekmotivator

    Белгілі қазақстандық спортшы Ануарбек Бекембетов атақты қырғызстандық файтер Қанат Келдібековті спарринг кезінде нокдаунға түсірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ануарбек Бекембетовтің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Белгілі қазақстандық спортшы, халық арасында "Мотиватор" лақап атымен танымал Ануарбек Бекембетов 21 желтоқсанда Бішкек қаласында өтетін кәсіби бокс кешінде өнер көрсетеді

    Ануарбек Бекембетов Бішкекте жергілікті спортшы, "Тайсон" лақап атымен танымал Қанат Келдібековпен (22-9) бокс ережесіне сәйкес спарринг өткізді. Әлеуметтік желілерде тараған видеоға қарағанда, Ануарбек алдымен қарсыласын нокдаунға жіберіп, кейін бірнеше соққыны дөп тигізіп, үстемдік танытқан. Спарринг аяқталған соң, екі спортшы бір-бірін дос ретінде құшақтап, жаттығуды аяқтады.

    Айта кетейік, ертең, 21 желтоқсанда Ануарбек Бекембетов қырғызстандық Бексұлтан Таалайұлына қарсы Alatoo Boxing промоушенінің алғашқы турнирінде кездесу өткізеді.

    Қазақстандық спортшы танымал қырғызстандық файтерді спарринг кезінде нокдаунға түсірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.