jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    UFC-дің бұрынғы жауынгері Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді

    Жалғас Жұмағұлов
    Жалғас Жұмағұлов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

    ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов өз мансабында алғаш рет кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жалғас Жұмағұлов Астанада өткен Fight Nights Boxing бокс кешінде өнер көрсетті. Ол Норвегия спортшысы Раванд Оубамен (1-0, 0 КО) төрт раундтық жекпе-жекте кездесті. Тартысты өткен жекпе-жек нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша Жалғас Жұмағұлов жеңіске жетті.

    Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіби бокстағы дебютін сәтті бастаса, Раванд Оуба мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

    Жалғас Жұмағұлов UFC промоушенінде 2020-2023 жыл аралығында өнер көрсетті. Осы кезеңде ол 1 рет жеңіске жетсе, 6 мәрте жеңіліс тапты.

    Айта кетейік, осы бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (14-2, 6 КО) колумбиялық Марлон Агуасты (15-2, 9 КО) төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.

    UFC-дің бұрынғы жауынгері Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.