jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы кездесуін кейінге шегерді: спортшы себебін түсіндірді (фото)

    Қуат Хамитов
    Қуат Хамитов. Фото: instagram.com / kuat__khamitov

    Танымал аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ресейлік спортшы Мариф Пираевпен кездесуін кейінге шегергенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қазақстандық файтердің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қос спортшы арасындағы кездесу 27 желтоқсанда Алматыда кәсіпқой бокс ережелері бойынша өтуі керек болатын.

    "Мен жарақаттанған күйімде жекпе-жекке шыға алмаймын! Сондықтан келесі кездесуде көрісеміз", - деп жазды Қуат Хамитов Instagram желісінің Stories бөлімінде.

    Бұл туралы аталмыш жекпе-жекті ұйымдастырып жатқан All Stars Boxing промоутерлік компаниясы да Instagram желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

    "Өкінішке қарай, Қуат Хамитов пен Мариф Пираев арасындағы 27 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жек өтпейді және басқа күнге ауыстырылады. Бұл шешімді бокс комиссиясы Қуат Хамитовтың жарақат алуына байланысты қабылдады.

    Спортшылардың денсаулығы біз үшін әрдайым басты орында. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Жекпе-жектің жаңа күні жақын арада жарияланады", - делінген мәлімдемеде.

    Айта кетейік, бұған дейін Қуат Хамитов кәсіпқой бокстан 28 қыркүйекте өткен кеште өнер көрсеткен. Ол қазақстандық файтер Нұрберген Шәріповке қарсы кездесуде жеңіске жеткен еді.

    Қуат Хамитовтің Instagram желісіндегі ресми парақшасының Stories бөліміндегі жазбасы
    Қуат Хамитовтің Instagram желісіндегі ресми парақшасының Stories бөліміндегі жазбасы. Скриншот: instagram.com/kuat__khamitov

    Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы кездесуін кейінге шегерді: спортшы себебін түсіндірді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.