jitsu gif
Спорт

    "Барлығы қорқады": Жәнібек Әлімханұлы өзін орта салмақтың патшасы деп атап, қарсыластарын сескендірді

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram/janibek_alimkhanuly

    WBO, IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Х желісіндегі ресми парақшасында қарсыластарына қатысты батыл үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі ресми парақшасында бала кездегі суретін жариялап, өзін үшінші жақтан сипаттап берді.

    "Оған төрт чемпиондық белбеу керек, оның екеуі бар, енді тағы екеуін алу қажет. Қазір ол орта салмақтағы ең қауіпті қарсылас, барлығы одан қашады, барлығы одан қорқады. Сіздер оны білесіздер, ол – орта салмақтың патшасы Жәнібек", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

    Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 4 қазанда Аустралияның Сидней қаласында өткізген болатын. Ол бұл кездесуде Жаңа Зеландия боксшысы Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) тоғызыншы раундта нокаутқа түсірді.

    "Барлығы қорқады": Жәнібек Әлімханұлы өзін орта салмақтың патшасы деп атап, қарсыластарын сескендірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.