jitsu gif
Спорт

    "Компьютерлерді құртыңдар": Тайсон Фьюри боксқа жасанды интеллектінің төрелік етуін сорақылық деп атады

    Александр Усик пен Тайсон Фьюри
    Александр Усик пен Тайсон Фьюри. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын британиялық Тайсон Фьюри украиналық Александр Усикке қарсы өткен кездесуінде бокс тарихында тұңғыш рет төрелік еткен жасанды интеллектіні сынға алды. Бұл туралы боксшы жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Кеше, 22 желтоқсанда украиналық боксшы Александр Усик британиялық Тайсон Фьюриді екінші мәрте жеңіп, әлем чемпионы титулын сақтап қалды.

    Сауд Арабиясының ойын-сауық істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Турки әл аш-Шейх айтуынша, бұл кездесуде тарихта алғаш рет жасанды интеллект (ЖИ) төрелік етті. Жекпе-жектің нәтижесінде төрешілер жеңісті 116:112 есебімен бірауыздан Александр Усикке берді. Ал жасанды интеллектінің есептеуі бойынша бұл кездесуде Александр Усик 118:112 есебімен ұтты.

    Жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында Тайсон Фьюри бокста жасанды интеллекттің қолданылуына қатысты өз наразылығын білдірді.

    "Білесіздер ме, бұл құрылғының боксты бағалауы – барып тұрған сорақылық. Компьютерлердің барлығын құртыңдар. Адамдар жұмыс істесін, компьютерлерге аз жұмыс беріңдер!" - деді Тайсон Фьюри.

    Айта кетейік, Усик пен Фьюри арасындағы алғашқы жекпе-жек осы жылдың 18 мамырында Эр-Риядта өткен болатын. Сол кезде украиналық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен еді.

    "Компьютерлерді құртыңдар": Тайсон Фьюри боксқа жасанды интеллектінің төрелік етуін сорақылық деп атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.