jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін өткізеді: Fight Night лигасының басшысы маңызды мәлімдеме жасады

    Жалғас Жұмағұлов
    Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

    Fight Night Global лигасының басшысы Камил Гаджиев танымал ММА спортшылары – қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен ресейлік Али Багаудинов арасында үлкен бокс жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Камил Гаджиевтің YouTube желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Осы жазда Ақтөбедегі стадионда Али Багаудинов пен Жалғас Жұмағұлов арасындағы кездесуді өткізгім келеді. Үш бейтарап төреші болады, жекпе-жек соңы ешқандай дауға апармайды. Неге бұл кездесуді өткізбеске? Алидің бокстағы тәжірибесі бар, ал Жалғас та өзін бұл қырынан дәлелдей бастады", - деді Камил Гаджиев.

    Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Сочи қаласында өткен Fight Night Global 95 турнирінде Жалғас Жұмағұлов ресейлік Али Багаудиновті төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңген болатын.

    Сондай-ақ өткен аптада Жалғас Жұмағұлов Астанада өткен Fight Night кәсіби бокс турнирінде дебют жасады. Ол норвегиялық Раванд Оубаны төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіп, кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

    Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін өткізеді: Fight Night лигасының басшысы маңызды мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.